Ақтөбеде ақша бопсалаған студенттер ұсталды

АҚТӨБЕ. KAZINFORM – Ақтөбеде 18 жастағы жігіттерді қорқытып, ақша бопсалаған үш студент ұсталды. Полиция оларды дәріс залынан алып шықты.

қылмыстық топ
Фото: Жетісу облыстық полиция департаменті

Ақтөбе облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, студенттер 18 жастағы екі жігіттен 100 мың теңгеге жуық ақша бопсалаған. Күдікке үш студент ілікті. 

- Полиция қызметкерлері студенттер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында күдіктілерді университеттегі дәріс барысында ұстады. Бопсалау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Ұсталғандар кінәсін мойындады. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды,- деп хабарлады Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Еске салсақ, Ақтөбе қаласында емшіге қатысты Қылмыстық кодекстің «Алаяқтық» бабымен іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Сот 2 ай қамауда ұстау туралы санкция берді.

 

Соңғы жаңалықтар