16:12, 22 Қаңтар 2020 | GMT +5
Ақтөбеде ақтүтек боран: бірнеше жол жабылды
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде жел күшейіп, боран соғып тұр. Бірнеше жол жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
22 қаңтар сағат 13:45-те Ақтөбе – Орск тасжолы жабылды. Сонымен қатар Самара – Шымкент тасжолының Бекқұл баба ауылынан Хромтау қаласына дейінгі аумағына уақытша шектеу қойылды.
«Ауа райы күрт бұзылып, жел күшейді. Боран қатты. Қазір Ақтөбе – Атырау – Астрахань тасжолының Алға қаласынан Атырау облысы шекарасына дейінгі аралығы, Солтүстік айналма жол, Қандыағаш — Ембі — Шалқар — Ырғыз бағыты жабылды», - деді облыстық ТЖД баспасөз қызметі.