Ақтөбеде әлеуметтік азық-түліктің үш айлық шекті бағасы бекітіледі

АҚТӨБЕ. KAZINFORM — Әлеуметтік азық-түліктің екінші тоқсандағы шекті бағасы өсті. Мәселен күнбағыс майы шамамен 150, сиыр етінің келісі 190 теңгеге көтерілгені белгілі болды.

тамақ
Фото: freepik.com

Ақтөбе облыстық кәсіпкерлік басқармасы Ашық НҚА порталына ІІ тоқсанға арналған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәні туралы жалпы ақпарат жариялады. Ал басқармасының өз сайтында нақты бағасы толық көрсетілген

Ресми сайттағы дерекке сүйенсек, алдағы үш айда азық-түліктің басым бөлігінің шекті бағасы өзгереді. Мәселен бірінші сұрыпты бидай ұнының келісі 239 теңге, күнбағыс майы 903, сиыр етінің келісі 3216, тауық еті 1923, картоптың келісі 379, пияз 287 теңге деп көрсетілген. Ереже бойынша әлеуметтік маңызға ие 19 түрлі тауар бағасы алдағы үш айда осы шектен асып кетпеуі тиіс. Бірінші тоқсанға қарағанда екінші тоқсанда 19 тауардың 13-інде баға өсімі бар. 

Еске салсақ, биыл І тоқсанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бөлшек саудадағы бағасының шекті мәні туралы жазған едік. Ол кезде де былтырғыға қарағанда бағаның көтерілгенін, кейбірінің арзандағыны белгілі болды. 

Соңғы жаңалықтар