Ақтөбеде әйелді ұрып-соққан қала әкіміне қатысты істің үкімі ішінара өзгерді

АҚТӨБЕ. KAZINFORM — Қандыағаш қаласының әкімі Қазбек Аққайыр сот үкімімен келіспей, апелляциялық шағым түсірді. Бүгін сот алқасы қаулы шығарды. 

Ақтөбеде әйелді ұрып-соққан қала әкіміне қатысты істің үкімі ішінара өзгерді
Фото: Алтынай Сағындықова/Kazinform

Ақтөбе облыстық сотының сот алқасы Қазбек Аққайырға қатысты үкімді ішінара өзгерту туралы қаулы шығарды. Айыппұл мөлшері азайғанымен, өкілге төленетін төлем өсті. Ал үкімнің қалған бөлігі өзгеріссіз қалды.

— Қазбек Аққайырдан Қылмыстық кодекстің 109-1-бабының 1-бөлігі бойынша тағайындалған айыппұл түріндегі жаза мөлшері 295 360 теңгеге дейін төмендетілсін. Аққайырдан жәбірленушінің өтемақы қорына өндірілген мәжбүрлі төлем мөлшері 18 460 теңгеге дейін төмендетілсін. Аққайырдан жәбірленуші пайдасына өндірілген өкілге төленген шығынның мөлшері 300 000 теңгеге дейін ұлғайтылсын. Үкімнің қалған бөлігі өзгеріссіз қалдырлсын. Аққайырдан жәбірленуші пайдасына апелляциялық сатыда өкілге төленген 50 мың теңге шығыны өндірілсін. Прокурордың апеллияцилық өтінішхаты қанағаттандырылсын. Сотталған Қазбек Аққайырдың шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын, — деді судья.

Еске салсақ, Мұғалжар аудандық сотында Қандыағаш қаласының әкімі Қазбек Аққайырға қатысты іс қаралды.

Әкімге Қылмыстық кодекстің «Ұрып-соғу» бабы бойынша айып тағылды. Оған 80 АЕК, яғни, 314 560 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Сол кеззде судья бас-ми шайқалуы, мойындағы ауырсыну бірінші сараптама қорытындысы кезінде дәлелін тапты деп түсіндірді. Ал өзге сарапшылар дене жарақатының ауырлығы бойынша ғана талдау жүргізе алатынын айтқан

Соңғы жаңалықтар