Ақтөбеде әйелді ұрып-соққаны үшін жазаланған әкім жұмыстан шығарылады

АҚТӨБЕ. KAZINFORM – АҚТӨБЕ. KAZINFORM – Мұғалжар ауданының әкімі сот үкімінен соң Қандыағаш қаласы әкімін жұмыстан босататынын айтты.

тағайындау, шенеунік
Фото: GOV.KZ

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Қандыағаш қаласының әкімі Қазбек Аққайыр апелляциялық шағым түсіріп, сот үкімі ішінара өзгерді. Тек айыппұл мөлшері қысқарып, жәбірленушінің өкілге төленетін шығыны өсті. Ақтөбе облыстық сот алқасының қаулысынан кейін Мұғалжар аудандық әкімдігі Қандыағаш қаласының әкімі Қазбек Аққайырды жұмыстан шығару туралы шешім қабылдады.

— Сот шешіміне сәйкес жұмыстан босатамыз, — деп жауап қайырды Мұғалжар ауданының әкімі Дархан Ермағамбетов.

Айта кетейік, биыл күзде Мұғалжар аудандық сотында Қандыағаш қаласының әкімі Қазбек Аққайырға қатысты іс қаралды. Әкімге Қылмыстық кодекстің «Ұрып-соғу» бабы бойынша айып тағылды. Оған 80 АЕК, яғни, 314 560 теңге көлемінде айыппұл салынды. Қандыағаш қаласының әкімі Қазбек Аққайыр сот үкімімен келіспей, апелляциялық шағым түсірді. Сот алқасының қаулысымен айыппұл түріндегі жаза мөлшері 295 360 теңгеге дейін төмендетілді. Ал жәбірленуші пайдасына өндірілген өкілге төленген шығынның мөлшері 300 000 теңгеге дейін ұлғайтылды

Қазбек Аққайыр 2024 жылы жазда Қандыағаш қаласының әкімі болып сайланды. Ол 2018-2022 жылдары аралығында Талдысай ауылдық округінің әкімі, 2022-2023 жылдары аралығында Мұғалжар аудандық сәулет, құрылыс және қала құрылысы бөлімінің басшысы болды. Кейін Ақтөбе облысы әкімі аппаратында бас инспектор қызметін атқарды. 

Соңғы жаңалықтар