Ақтөбеде білім бөлімі мен партия отыратын ғимараттың шатыры жанды

Ақтөбе облысы Алға қаласында ғимараттың шатырынан өрт шықты. Мұнда аудандық білім бөлімі, «Amanat» партиясының аудандық филиалы орналасқан, деп хабарлайды Kazinform агенттігі. 

өрт
Фото: Ақтөбе облыстық ТЖД баспасөз қызметі

Оқиға бүгін сағат 10:10-да тіркелді. Алға ауданы Сейфуллин көшесіндегі ғимараттың шатыры жанды.

өрт
Фото: Ақтөбе облыстық ТЖД баспасөз қызметі

«Алға ауданы білім бөлімі, партия қызметкерлері отыратын әкімшілік ғимараттың шатыры жанып, өрт сөндіру бөлімінен 26 қызметкер мен 7 техника шықты. Өрт сөндірушілер баспалдақ арқылы 3 адамды құтқарып қалды. Оқиға орнында 34 адам эвакуацияланды. Коммуналдық және жедел жәрдем қызметтері оқиға орнында болды. Зардап шеккендер жоқ», — деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Өрт арада 40 минут өткенде сөндірілген. Қазір негізгі себебі анықталып жатыр.

өрт
Фото: Ақтөбе облыстық ТЖД баспасөз қызметі
өрт
Фото: Ақтөбе облыстық ТЖД баспасөз қызметі

Ақтөбе облыстық білім басқармасының басшысы Жайық Сұлтанның айтуынша, құжаттың бәрі электронды.

Соңғы жаңалықтар