Ақтөбеде «Болашақ» түлегі облыс әкімінің орынбасары болып тағайындалды

Ермек Кенжеханұлы «Болашақ» бағдарламасы аясында Ұлыбританияның Рединг университетін «ауыл шаруашылығы саласындағы экономист», Кореяның Аджу университетін «экономика және бизнес магистрі» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ы несиелік өнімдерді әзірлеу департаментінің менеджері болып бастаған.
Түрлі жылдары Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы әкімінің аппарат басшысы, Ауыл шауашылығы министрлігі, инвестициялық жобалар және қаржылық құралдар департаменті, инвестиция басқармасының басшысы болды.
ҚР Ауыл шауашылығы министрлігінің халықаралық ынтымақтастық және экономикалық интеграция департаментінің халықаралық ынтымақтастық басқармасын, Ақтөбе облысы сыртқы байланыстар және туризм басқармасын, Ақтөбе облысы ақпараттандыру және сыртқы байланыстар басқармасын басқарды.
2020 жылы Ермек Кенжеханұлы Президенттік жастар кадрлық резервіне кірді. Бүгінге дейін Мәртөк ауданының әкімі болды.