Ақтөбеде бір жылда 3800-ден астам адамнан қатерлі ісік анықталды

АҚТӨБЕ. KAZINFORM — Көбі Ақтөбе қаласы мен Мұғалжар ауданында тіркелді.

Қызылордада қатерлі ісік «жасарып» барады
Фото: Қызылорда облыстық онкология орталығы

Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ерлан Сұлтангереевтің мәліметіне сүйенек, салуатты өмір салтын насихаттау үшін бюджеттен 32,5 млн теңге қарастырылды. Түрлі аурудың алдын алу, оны болдырмай, уақытылы тексерілуден өтуге үгіттеу үшін 7 мың іс-шара жоспарланды. 2024 жылы өңір тұрғындарының өмір сүру ұзақтығы 74,9 жас болса, былтыр 75,2 жас болды. Ең маңызды бағыттың бірі — қатерлік дертті ерте анықтау.

— 2025 жылдың қорытындысы бойынша 3 828 адамнан онкологиялық ауру тіркелді, яғни 100 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіш 408,8-ді құрады. Аурушандық көрсеткіш 2024 жылмен салыстырғанда төмендеген. Алайда Ақтөбе қаласы мен Мұғалжар ауданы облыстық көрсеткіштен жоғары болып тұр, — деп хабарлады Ақтөбе облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті.

Айта кетейік, Қазақстанда онкологиялық науқастардың бес жылдық өмір сүру көрсеткіші 65%-ға жетті.

Сонымен қатар, елімізде онкологиялық аурудың алдын алуға арналған қоспа әзірленіп жатыр