Ақтөбеде бірнеше сотқа жаңа судья тағайындалды

  АҚТӨБЕ. KAZINFORM - Ақтөбе қаласында және аудандарда 12 судья қызметке кірісті. Ал облыстық сот төрағасы басқа қызметке ауысты.

судья
Фото: Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі

Ақтөбе облыстық соты судьялардың жалпы отырысында жаңадан тағайындалған судьялар таныстырылды.

Ақтөбе қалалық сотының судьясы лауазымына Айгүл Биманова, Ақтөбе қаласының №2 сотының судьясы лауазымдарына Нұрлан Бақытғалиев, Ғалымбек Көшенов, Нұрболат Махмұтов, Ақтөбе қаласының әкімшілік құқықбұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы лауазымдарына Айжан Әлімжанова, Динара Бекмұхамбетова, Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы лауазымдарына Гаухар Беғалиева, Шынтас Мырзалы тағайындалды.

судья
Фото: Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі

Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Алға аудандық сотының судьясы лауазымына Асхат Сералиев, Мұғалжар аудандық сотының судьясы лауазымына Азамат Сәрсенбергенов, Ойыл аудандық сотының судьясы лауазымына Гүлжахан Әбиева, Хромтау аудандық сотының судьясы лауазымына Салауат Мәлік тағайындалып, таныстырылды.

судья
Фото: Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі

Бұған дейін хабарлаүанымыздай, Қызылордада жаңадан тағайындалған судьялар ант қабылдады. 

Соңғы жаңалықтар
Референдум