Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Ақтөбеде дауылдан кейін жарықсыз қалған ауылға бірнеше ауданнан арнайы топ барды

АҚТӨБЕ. KAZINFORM – Ауданда құрылған Call орталыққа 50-ден астам қоңырау түсті. Қазіргі кезде ауылда су, байланыс бар. Жарықты кезең-кезеңімен іске қосып жатыр.

в
Фото: Видеодан алынған скрин

Байғанин ауданының орталығы Қарауылкелдіде жарық кеше кешкілік өшіп, бүгін ғана кезең-кезеңімен іске қосылып жатыр. Себебі қатты дауыл кезінде электр сымы үзіліп қалды. «Энергосистема» ЖШС күшейтілген жұмыс режиміне көшіп, жедел штаб құрылды.

- Әуе желілерінде көптеген зақым анықталды. Электрмен жабдықтауды жедел қалпына келтіру үшін Байғанинге Мұғалжар, Темір аудандарынан, сондай-ақ Ақтөбе қаласындағы жоғары кернеулі электр желілері, Қосалқы станциялар қызметтерінен мамандар мен арнайы техника жіберілді. Қалпына келтіру жұмыстарына қолайсыз ауа райы мен тұрақты байланыстың болмауы кері әсерін тигізіп отыр. Шалғай нысандармен байланыс «Турая» спутниктік және «Beeline» ұялы байланысы арқылы жүргізілді. Түнгі уақытта жүргізілген жедел жұмыстардың нәтижесінде Қарауылкелді ауылында электрмен жабдықтау ішінара қалпына келтірілді. «Энергосистема» ЖШС мамандары жұмысты үздіксіз жалғастырып, нысандарды кезең-кезеңімен электр желісіне қосады. Электрмен жабдықтауды толық қалпына келтіру шамамен сағат 20:00-де аяқталады,- деп хабарлады «Энергосистема» ЖШС-нің баспасөз қызметі.

Байғанин ауданының әкімі Айбек Көпеновтің хабарлауынша, қазіргі кезде шұғыл желіге 54 тұрғыннан өтініш түскен. Ауданда 5 топ құрылып, олар үйлерді аралап жүр.

Еске салайық, Ақтөбе облысында кеше, 2026 жылғы 9 шілдеде кешкі уақытта дауыл тұрып, нөсер жауын жауып, Қарауылкелді ауылы жарықсыз, байланыссыз қалды. Бірнеше үй мен ғимараттың шатыры ұшты