Ақтөбеде эпидемиолог мамандарға жаңа көлік берілді

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде 8 ауданға жаңа көлік берілді. Эпидемиологтар ауылға жету бейнетінен арылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен шалғайдағы елдімекендерге қажетті қызмет көрсету үшін жаңа көлік берілді. Ақтөбе облысының Алға, Мұғалжар, Әйтеке би, Ырғыз, Шалқар, Хромтау, Мәртөк, Ойыл аудандарындағы аумақтық басқармалар мамандандырылған автокөлікпен қамтамасыз етілді.


«Бұл коронавирус инфекциясының алдын алу, қауіпті эпидемиологиялық ошақтарды уақытылы тексеруге арналған техника. Қазір аса қажет еді. Енді аудандар ауылға бару кезінде еш қиындық көрмейді», - дейді облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Нұрсұлу Беркімбаева.

Бүгінде Ақтөбедегі санитариялық-эпидемиологиялық қызмет пайдаланып жүрген көлік паркіндегі машиналардың 90% тозған.

«Біз 15 жыл бұрын берілген көлікпен жүрдік. Ауданда 100-ден астам адамнан коронавирус инфекциясы анықталған болатын. Кейде алыс ауылдарға бару қиынға соққан еді. Енді мұның бәрі артты қалды», - дейді Шалқар аудандың бас мемлекеттік санитар дәрігері Гүлайым Құдайсүгірова.


Соңғы жаңалықтар
telegram