Ақтөбеде қару сақтау тәртібін бұзғандар жазаланды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде «Учаске» алдын алу шарасы өтті. Қару сақтау заңдылығын бұзған адамдардан 20 қару-жарақ алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Учаске» жедел-алдын алу шарасы кезінде учаскелік полиция қызметкерлері 36 мың пәтерді тексеріп шықты. Сонымен қатар, 88 мыңнан астап жер үйлер тексерілді. Нәтижесінде 600-ден астам жалдамалы пәтер анықталды.

«Тіркеуде тұрған 800 шетел азаматы тексерілді. Тексеру кезінде  Көші-қон заңдылығын  бұзған 400 дерек анықталды. Алдын алу шарасы кезінде полиция қызметкерлері 2 мыңнан астам заңсыздықты анықтады. Бұзақылық, тұрмыстық құқық бұзушылық дерегі тіркелді. Мас күйінде жүрген 500 адам ұсталды»,- деп хабарлады Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметі.

 Сонымен қатар, полиция қызметкерлері тіркелген қару-жарағы бар 2600-ден астам адамды тексерді. Сақтау ережесін сақтамағандардан 20 қару алынды.

Соңғы жаңалықтар