Ақтөбеде киікті үркіту үшін 30 мобильді топ құрылды

АҚТӨБЕ. KAZINFORM – Мобильді топ биыл 87 гектар аумақты бақылауға алды. Инспекторлар егін алқабын таптап кетуден қорғайды.

сайга
Фото: Охотзоопром

Ақтөбе әкімдігінде киік популяциясы мен оларды қорғау мәселесі қаралды. Қазіргі кезде Бетпақдала, Үстірт және Орал популяцияларында шамамен 260 мың бастан астам киік бар. Бетпақдала популяциясы Ырғыз және Әйтеке би аудандары, ал Үстірт популяциясы Байғанин, Шалқар және Мұғалжар аудандарын қамтиды.

- Қазіргі кезде ауыл шаруашылығы алқаптарын қорғау мақсатында 30 мобильді топ жұмыс істеп тұр. 2026 жылы қорғаныс шаралары 87 мың гектар егіс алқабына дейін кеңейтіледі,- деп хабарлады Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, былтыр дәл осы уақытта Ақтөбенің Әйтеке би ауданында 10 мобильді топ егін алқаптарын күзетті.  Себебі «Құмқұдық» ЖШС-нің 1200 га жерін киік таптап кетті.