Ақтөбеде қылмыстық атқару жүйесі департаментінің басшысы тағайындалды

АҚТӨБЕ. KAZINFORM – Шаймерден Есенкелдиев Ақтөбе облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментінің бастығы болып тағайындалды. Ол бұған дейін Қызылорда облысында дәл осы қызметті атқарды. 

Ақтөбеде қылмыстық атқару жүйесі департаментінің басшысы тағайындалды
Фото: Ақтөбе облыстық ҚАЖД баспасөз қызметі

Шаймерден Есенкелдиев Түркістан облысында дүниеге келген. 

Ол қызмет жолын Шымкент қалалық полиция басқармасында бастады. 2003 жылдан бастап Оңтүстік Қазақстан облысындағы қылмыстық атқару жүйесі департаментінде еңбек етіп, түрлі қызметті атқарды. 

2018-2020 жылдар аралығында Шымкент қаласы қылмыстық атқару жүйесі департаменті бастығының орынбасары болды.

2020 жылдан бастап күні бүгінге дейін Қызылорда облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментінің бастығы қызметін атқарды. Қазан айынан бастап Ақтөбе облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментінің бастығы болып тағайындалды. 

Айта кетейік, өткен айда еліміздің бірқатар өңірінің прокурорлары ауысты. Батыс Қазақстан облысының прокуроры лауазымына аға әділет кеңесшісі Нұрбек Ұласбекұлы, Маңғыстау облысының прокуроры – аға әділет кеңесшісі қызметіне Құшалиев Серікқали Жанбыбекұлы тағайындалды. 

Соңғы жаңалықтар