Ақтөбеде қоғамдық тамақтану орнында газ жабдығы жарылып, бес адам ауруханаға түсті

АҚТӨБЕ. KAZINFORM — Оқиға Хромтау қаласының орталығында болды. Дәрігерлер күйік шалған адамдардың жағдайы қалыпты деп отыр.

Ақтөбеде қоғамдық тамақтану орнында газ жабдығы жарылып, бес адам ауруханаға түсті
Фото: видеодан алынған скрин

Оқиға бүгін кешкі сағат 17:45–те болды. Ақтөбе облысы Хромтау қаласындағы Ғ. Жұбанова көшесінде орналасқан қоғамдық тамақтану орнында су жылытатын газ жабдығы жарылды. 

— Түскен шақырту бойынша ТЖД күштері жедел түрде жіберілді. Оқиға орнына екі техника мен жеке құрамнан жеті адам барды. Оқиға салдарынан ғимараттың құрылымы, шамамен 80 шаршы метр аумақ қирады. Зардап шеккендерге уақтылы медициналық көмек көрсетіліп, бес адам ауруханаға жеткізілді, — деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, зардап шеккендерді әртүрлі дәрежеде күйік шалған. Бір ер адам жансақтау бөлімінде жатыр. Оның денесінің 20% дейін күйген. Ал қалған төртеуі травматология бөлімінде.

— Науқастардың жағдайы дәрігерлер бақылауында. Арнайы мамандар ем-дом жасап жатыр, — деп хабарлады Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Құзырлы органдар әзірге зардап шеккендердің кім екенін, олардың жасы туралы ақпарат бермеді.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Оралда көпқабатты үйден өрт шығып, 14 адам эвакуацияланды

Соңғы жаңалықтар
Референдум