Ақтөбеде қоқыс маңынан табылған ер адамды өлтірген күдікті ұсталды

АҚТӨБЕ. KAZINFORM – Күдікті мен жәбірленуші бірге отырып, ішімдік ішкен. Сол кезде жанжалдасып, бірі екіншісін пышақтаған. Полиция алдын ала болжамды айтты.

полиция
Фото: ҚР ІІМ

Ақтөбе полициясы 12-наурызда болған қылмыстық іске қатысы бар күдіктіні іздеп тапты.

- Полиция қызметкерлері жедел іздестіру шарасын жүргізіп, кісі өлтірді деген күдіктіні анықтап, ұстады. Алдын ала мәлімет бойынша күдікті мен жәбірленуші ішімдік ішіп отырып, жанжалдасады. Сол кезде күдікті жәбірленушіге бірнеше рет пышақ жарақатын салған. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды,- деп хабарлады Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі.

Еске салсақ, өткен аптада Ақтөбеде қоқыс маңынан 50 жастағы ер адамның денесі табылды. Бірден іздеу жұмысы жүрді.

 

Соңғы жаңалықтар