Ақтөбеде қола дәуіріне жататын қорым зерттеліп жатыр

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбенің Ойыл ауданында зерттеу жұмысы басталды. Археологтар жерлеу рәсімінен Солтүстік Кавказ және Месопотамия өркениетіне ұқсастық тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Көктем келе археологтар зерттеу жұмысын бастады. Ойыл ауданы, Құмсай яғни, Қырықоба қорымында биыл жетінші жыл қазба жұмысы жүргізіліп келеді. Қазба жұмыстарына Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінің мамандары, археологтар, Тарихи-мәдени мұраны зерттеу, қалпына келтіру және қорғау орталығының қызметкерлері, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің тарих факультетінің оқытушылары мен студенттері қатысып жатыр.null

«Қорымда табылған дүниелер әртүрлі жерлеу рәсімдерінен мағлұмат береді. Ол уақытта өмір сүрген адамдардың наным-сенімдеріне байланысты қызыл бояуды көп пайдаланғаны көрініп тұр. Сәби қалпымен жерлегендер де кездесті. Кейбірінен кішкентай баланың сүйегі мен тасбақаның сауыты бірге табылды. Адамдарды шалқайтып, отырғызып жерлеген. Қола дәуіріне жататын бұл қорым Қазақстан бойынша өте сирек кездеседі. Адамдардың жерлеу дәстүріне сараптама жұмыстарын жүргізгеннен кейін бұл аумаққа жергілікті халық емес, басқа жақтан келген тайпалар жерленгенін анықтадық. Жерлеу дәстүріне қарасақ Солтүстік Кавказ және Месопотамия өркениетіне ұқсастық бар. Болжам бойынша, алғашқы бақташылардың да қорымы болуы мүмкін. Мұндай аумақ Қобда, Темір ауданында бар деп естідік, бірақ оған әлі өзіміз бара қойған жоқпыз. Әзірге осы Сегізсай мен Құмсай аймағы зерттелуде. Айта кететін жайт, қазіргі кезде Ойылдағы Қаратал, Құмжарған, Қоңырат және тағы басқа аумақтарда 400-ге жуық ескерткіш анықталды. Әсіресе Көптоғай ауылы маңындағы венгрлерге тән ескерткіштер біздерді қызықтырып отыр», - дейді Тарихи-мәдени мұраны зерттеу, қалпына келтіру және қорғау орталығының директоры Аслан Мамедов.

Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінің баспасөз қызметкері Қуат Әбілқайырдың айтуынша, Ойылдан 11 шақырым қашықтағы Құмсайдың топырағы құрылысқа жарамды. Сондықтан ауыл тұрғындары қорымды бұзбас үшін зерттеу жұмыстары басталған кезде Тарихи-мәдени мұраны зерттеу, қалпына келтіру және қорғау орталығының мамандары ескерту тақтасын орнатты. null

null null

Соңғы жаңалықтар