Ақтөбеде құны 454 млн теңге болатын субұрқақ іске қосылды

АҚТӨБЕ. KAZINFORM — Ақтөбе қаласының орталық саябағында құны 454 млн теңге болатын субұрқақ пайдалануға берілді. Мұнда музыка ойнайды, отты шоу болады.

Субұрқақ
Фото: Алтынай Сағындықова

Ақтөбе қаласы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, биіктігі 38 метрге дейін жететін бұл субұрқақты 40-тан астам әуені бар аудиожүйе сүйемелдеп тұр. Бүгін оны тамашалауға жүздеген адам жиналды. 

Субұрқақ
Фото: Алтынай Сағындықова

— Жарық шамдар, одан бөлек отты және лазерлік шоу түнгі мезгілде фонтанға ерекше көрік береді. Жөндеу жұмыстары барысында 10 жыл бұрын пайдалануға берілген тоғанның бетон жабындысы қалпына келтірілді. Гидрооқшаулау жұмыстары жасалды. Жалпы бұл жерде субұрқаққа да, тоғанға да ерекше сән беретін күрделі жұмыстар орындалды. Мамандар мұны екі айға жуық уақытта аяқтап отыр. Лазерлік шоу және отты фаер-шоу да субұрқақпен бірге іске қосылды. Қыркүйек айының соңына дейін субұрқақ жұмысы жалғасады. Күн жылы болса қазан айында да жұмыс істейді, — деп хабарлады Ақтөбе қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Субұрқақ
Фото: Алтынай Сағындықова
Субұрқақ
Фото: Алтынай Сағындықова

Айта кетейік, мердігер қыс мезгілінде консервацияға жауып, келесі маусымда барлық жүйесін қосуды, күтіп ұстауды міндетіне алып отыр. Жоба құны — 454 млн тг құны. Мұнда қазақша ән мен күй, сонымен бірге шетел туындылары ойнайды. Димаш Құдайбергенннің де әні кірістірілген.

Соңғы жаңалықтар