Ақтөбеде марқұм болған баланың әкесі жағдайдың қалай болғанын айтып берді

АҚТӨБЕ. KAZINFORM — Ақтөбеде марқұм оқушының әкесі ит секіргенде баланың қорқып, жүрегі жарылып кеткенін айтты. Ал полиция мен білім басқармасы нақты себебін атамады.

Ақтөбеде марқұм болған баланың әкесі жағдайдың қалай болғанын айтып берді
Фото: Алтынай Сағындықова/Kazinform

Ақтөбе өңірлік коммуникациялар қызметінде полиция, білім мен денсаулық сақтау басқармасы оқиғаның мән-жайын айтып, брифинг өткізді.

— Жедел жәрдем бригадасына қоңырау 07:39–да түсті. 103 бригадасы 5 минутта жетті. Бала үйінде, анасының қасында болды. Балада клиникалық өлім болған. 30 минут бойы барлық реанимациялық іс-шара жүргізілді. Алайда нәтиже болмай, өлімі тіркелді, — деді Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы Әлия Шарбақов. 

Ақтөбеде марқұм болған баланың әкесі жағдайдың қалай болғанын айтып берді
Фото: Алтынай Сағындықова/Kazinform

Ақтөбе облыстық білім басқармасының басшысы Бұлбұл Күзембаеваның айтуынша, бала 1-сыныпта оқиды. Алдын ала хабар таратқан мектеп мұғалімі қате айтқанын, ешқандай да ит болмағанын жеткізді. Алайда баланың әкесі мән-жайды өзі түсіндіріп берді. 

— Ит болды. Өздері ұстап алып кетті. Қызыл ит. Иесі бар ма, жоқ па білмейміз. Үстіне секірген, қорқып кетіп, жүрегі жарылды. Шындық сол. Осы арада көзімізбен көрдік. Мамасы артынан шығып келе жатты. Қасында апасы да болды, — деді марқұмның әкесі.

Еске салсақ, бүгін Ақтөбеде мектеп оқушысы көз жұмды

Соңғы жаңалықтар