Ақтөбеде мектеп оқушысы жедел жәрдем жетпей көз жұмды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде оқушы жедел жәрдем бригадасы жетпей көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға «Нұр Ақтөбе» ықшам ауданындағы тұрғын үйлердің бірінде болды.

Әлеуметтік желіге тараған видеодан белгілі болғандай, ес-түссіз жатқан қызды ер бала мен анасы ұстап отырады. Ер бала қыздың аузына қасық секілді зат салып, анасы баласының қолынан ұстап, дәрігерлерді күтіп алады. Бірақ дәрігерлер тек оқушының өлімін тіркеді.

Біз оқиғаның мән-жайын көз жұмған оқушы Інжу Жанкинаның анасы Динара Баймағамбетова өзі айтып берді.

«Мен баламды ұйықтап жатыр деп ойладым. Алдымен қызуы көтеріліп, жедел жәрдем шақырылды. Медициналық көмек сағат бойы келмеді. Осылай екінші қызымнан айырылдым. 2011 жылы дәл осылай Айгерім есімді қызым көз жұмды. Мынау екінші жағдай. Сондықтан полицияға арыз жаздым», - деді Динара Баймағамбетова. null 



Орын алған оқиғаға байланысты облыстық денсаулық сақтау басқармасы бүгін түсінік беретіндігін хабарлады.

Еске салсақ, осы жылдың сәуір айында Ақтөбедегі №38 орта мектепте оқушы қыз сабақ үстінде көз жұмды. Дәрігерлер оқушының қазасы жүрегінің кенеттен тоқтауынан болған деп айтты.  

 
Соңғы жаңалықтар
telegram