Ақтөбеде мектептегі төбе жабындысының құлауын арнайы комиссия тексереді

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде мектептегі төбе жабындысының құлауына байланысты арнайы комиссия құрылды, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеде мектептегі төбе жабындысының құлауын арнайы комиссия тексереді

"Оқушылар балалар ауруханасына жеткізіліп, тексерілді. Денсаулығына шағымданбаған, жағдайы қалыпты балаларды ата-аналары үйіне алып кетті. Ал денсаулығы бойынша бұрын есепте тұрған оқушы дәрігерлердің бақылауында болады. Ол таңға дейін ауруханада қалдырылды. Төбе жапсырмасының құлауына байланысты арнайы комиссия құрылды. Мектептегі жағдай қала әкімінің бақылауына алынды", - деген хабарлама таратты өңірлік коммуникация қызметі.

Айта кетейік, Ақтөбедегі №40 орта мектептің төбе жапсырмасы құлап, 9 бала ауруханаға түсті.