Ақтөбеде науқас пен дәрігер арасындағы жанжалдан соң қызметтік тексеру басталды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде жедел жәрдем ауруханасына барып, кейін дәрігермен сөзге келген науқас барлық бейнетүсірілімді әлеуметтік желіге жариялап жіберді. Қазіргі уақытта қызметтік тексеру басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Эльмира Жетпісбаева алдымен емханаға барып қаралады. Сол жерде денесі құрыса бастаған соң дәрігерлер жедел жәрдем шақырып, науқас облыстық жедел жәрдем ауруханасына жеткізіледі.

«Дәрігер мені көрді де «жақында жатып кетті» деп дөрекі сөйледі. Бір орындыққа отырғызып, «психиатр шақырамын» деп қорқытты, мазақ етті. Сол кезде ұялы телефоныма түсіре бастадым. Мен түсіре берген соң келіп, бетімнен қатты ұрды. Телефонымның алдыңға әйнегі сынып қалды», - деп жазды Эльмира Жетпісбаева.

Қазір осы оқиғаға қатысты қызметтік тексеру басталды.

«1995 жылғы науқас Э.Жетпісбаева облыстық жедел жәрдем ауруханасына 14 желтоқсан күні сағат 17:54-те түсті. Жедел жәрдем қызметі фельдшерінің хабарлауынша, шақыру №1 емханадан түсті. Аурухананың қабылдау бөлімінде невролог қарап шықты. Сол кезде науқас бейнекамераны қосып, түсіре бастаған. Дәрігер түсірілімді тоқтатуды сұрап, ескерту жасады. Қазіргі кезде осы оқиғаға қатысты облыстық жедел жәрдем ауруханасының әкімшілігі қызметтік тексеруді бастады», - деп хабарлады облыстық жедел жәрдем ауруханасының әкімшілігі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Мен жетписбаева Эльмира 1 паленикадан судрга устап врачтар скори шакырган скори мени алып кетти. БСП га апарды сол кезде мы на Акерке деген врач болды.Мени кордин де мына кыз жакында жатып кетти деп дореки сойледи.Мени бар столга отыргызды.Мени психатор шакыртамын деп коркытты,кулип мазак кылып отырды. Мен видога тусире бастадым солкеде маган соткамды корди де сотканды ал деп айты мен жок деп едим касыма келде мени бетимнен катты урды мен кулап калдым соткамнын бети сындып калды Акерке касындагы адамдарга соткамын алып видоны ошир деп айтып жатыр екен мени тагы урмасын деп катты кысып шашынан уштап алдым

Публикация от ZELLO AKTOBE - OFFICIAL PAGE (@zello.aktobe) 16 Дек 2018 в 2:18 PST

Соңғы жаңалықтар