Ақтөбеде облыстық музей экспонаттарының 28% ғана цифрлық форматқа көшірілді

АҚТӨБЕ. KAZINFORM — Музейдегі экспонат саны 142 мыңнан асады. Оның тек 40 мыңға жуығының цифрлық нұсқасы бар.

Музей
Фото: Алматы әкімдігі

Ақтөбедегі облыстық үш музейде цифрландыру жүйесі жүріп жатыр. Бұл жұмыс Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейі, Ә.Молдағұлованың мемориалды музейі, облыстық өнер музейінде қолға алынған.

— Облыстық музейлердегі экспонат саны 142 570 дананы құраса, бүгінгі күнге дейін 39 335 экспонат цифрландыру жүйесіне көшірілді. Облыстағы үш музейдің барлық экспонат санын қосқанда бұл көрсеткіш 28%-ды құрайды. Музейлерде 8 мыңнан астам экскурсия ұйымдастырылды. Келушілер саны 333 мыңнан асып отыр, — деді Ақтөбе облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Алтынай Юнисова.

Ақтөбе музейлері былтыр 4 мыңға жуық экспонат қабылдады. Көбі мұраға сақтап жүргенін тегін береді. Ал ақылы қабылдау Мемлекеттік сатып алу порталы арқылы жүргізілген соң көбі бұл тетікті қолдандайды.

— Экспонатты көбіне қарапайым адамдар тапсырады. Олар мемлекеттік портал арқылы жұмыс істеймейді. Қазіргі кезде сыйға тартады көбі. Музей түні аясында осы шара ұйымдастырылады. Биыл 110 экспонат қабылданды, — деді Алтынай Юнисова.

Айта кетейік, елімізде биылдан бастап музей салынбайды. Үш жылға мораторий жарияланды. 

Соңғы жаңалықтар
Референдум