Ақтөбеде оқушы қызды зорлап, жүкті қылған өгей атасы сотталды

АҚТӨБЕ. KAZINFORM — 64 жастағы сотталушы 21 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот үкім тағайындаған кезде оның зейнеткер екенін ескерді.

судья, сот
Фото, видео: Алтынай Сағындықова

Іс Қылмыстық кодекстің «Зорлау» және «Он алты жасқа толмаған адамдарды азғындық жолға түсіру» баптары бойынша қаралды.

— Қылмыстық кодекстің 120-бабы 4-бөлігімен 20 жылға, 124-бабы 3-бөлігімен 12 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Қылмыстық құқықбұзушылықтар жиынтығы бойынша түпкілікті 21 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын, — деді судья Алтынбек Сабыров. 

Сотталушы жазасын қылмыстық атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтейді.

Ақтөбеде оқушы қызды зорлаған өгей атасы сотталды
Фото: Алтынай Сағындықова/Kazinform

Судья А. Сабыр жаза тағайындау кезінде осы баптар бойынша өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын, алайда зейнеткер екені ескерілгенін айтты.

Айта кетейік, Ақтөбе облысы Ойыл ауданында 9-сынып оқушысы ана атанды. Оның жүкті екенін ешкім білмеген. Тіпті, үш рет медициналық тексеруден өтсе де, анықталмады. Полиция күдіктіні ұстап, қамады. Ол 60-тан асқан ер адам және өгей атасы болып шықты

Соңғы жаңалықтар