Ақтөбеде оқушыға қол көтерген мектеп инспекторы шартты түрде сотталуы мүмкін

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде оқушыны ұрған мектеп инспекторына қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр. Процессуалдық келісім кезінде прокурор оны 5 жыл шартты түрде бас бостандығынан айруды сұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Ақтөбеде мектеп оқушысын инспектор ұрып, Қылмыстық кодекстің "Билікті немесе лауазымдық өкілеттіліктерді асыра пайдалану" бабы бойынша қылмыстық іс қаралды. Жәбірленуші оқушы, айыпталушы инспектор мен прокурор процессуалдық келісім жасады.

"Саламат Ермағамбетов сол күні мектеп директорының орынбасарымен бірге ішкі ережені тексеріп, сынып ішіне кіреді. Сол кезде жәбірленушінің мектеп формасын сақтамағанын көреді. Кейін оны арнайы бөлмеге кіргізіп, балағат сөз айтады. Сол кезде оқушы мектеп инспекторына ескерту жасайды. Бұл сөз инспекторға ұнамай, оқушының жағасына жармасып, мойнынан қылғындырып, ұрған. Сот-медициналық сараптамасында оқушының мойыны мен бетінің жұмсақ тіні зақымдалғаны анықталды. Сотталушы мен жәбірленуші процессуалдық келісім сұрады", - деді прокурор Бағдат Байтурин.

Прокурор сотталушы С.Ермағамбетовті 5 жыл шартты түрде бас бостандығынан, 6 жыл құқық қорғау органдарында қызмет атқару құқығынан айыруды сұрады.

Соңғы жаңалықтар