Ақтөбеде парашютпен секіру оқу-жаттығуында курсант көз жұмды
АҚТӨБЕ. KAZINFORM – Қазіргі кезде қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

Оқиға 15 шілде күні болды. ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштері әскери институтының баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, курсант жоспарлы оқу-жаттығу кезінде парашютпен секірген. Сол кезде алған жарақатынан оқиға орнында мерт болды.
- Алдын ала ақпаратқа сәйкес секіру кезінде әскери қызметшінің парашюті ашылмай қалып, орны толмас қазаға себеп болды. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр. Әскери институт пен Әуе қорғанысы күштерінің қолбасшылығы қаза тапқан курсанттың туған-туыстарына қайғырып көңіл айтады. Оларға барлық қажетті көмек көрсетіледі,- деп хабарлады ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштері әскери институтының баспасөз қызметі.
Айта кетейік, былтыр қарашада Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы аумағында тікұшақ құлады. Салдарынан бір әскери қызметші көз жұмды.