Ақтөбеде полицейлерге 180 қызметтік көлік берілді

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде полиция қызметкерлеріне 180 көлік берілді. Көліктерді сатып алуға жергілікті бюджеттен 900 миллион теңге бөлінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Конституция күні қарсаңында ақтөбелік полицейлерге қызметтік автокөліктердің кілті табыс етілді. Жергілікті полиция қызметінің учаскелік инспекторларына «Нива» маркалы 150 автокөлік берілді. Сонымен қатар, ІІД мен аудандық ішкі істер бөлімдеріне 30 «ГАЗель» сатып алынды. 
null

«Тәуелсіздіктің алғашқы күнінен бастап Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев құқыққорғау саласына ерекше көңіл бөліп келеді. Осының арқасында материалдық-техникалық базаны нығайту мен құқыққорғау органдары қызметкерлерін әлеуметтік қорғауды жақсарту жұмыстары жоспарлы жүргізіліп келеді. Мақсат - еліміздің барлық азаматының қауіпсіздігін тиімді қамтамасыз ету. Президент тапсырмасына сәйкес, облыстық әкімдік те полицейлердің жұмыстары үшін барлық жағдайды жасау жұмыстарын жүргізуде. Биыл ІІД-не автокөлік сатып алу үшін жергілікті бюджеттен 900 млн теңге бөлінді. Өңірде техникалық жарақтандыру, полиция қызметін жақсарту мен халықтың оларға деген сенімін арттыру шаралары жалғасатын болады»,- деді Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев.
null

Айта кетейік, соңғы төрт жылда ішкі істер органдарының техникалық базасын жақсарту үшін 6,5 млрд теңге бөлінген. Қазіргі кезде Ақтөбе облысындағы 165 учаскелік полиция пункті түгел көлікпен қамтылған.
null

 

Соңғы жаңалықтар