Ақтөбеде полиция қызметкерін көлігімен сүйреп кеткен жүргізуші ұсталды

АҚТӨБЕ. KAZINFORM – Ақтөбе полициясы рульге мас күйінде отырған 29 жастағы жүргізушіні тексерді. Жүргізуші сараптамадан шыға сала әйелінің көлігіне мініп алады. Ал әйел полиция қызметкерін бірнеше метрге сүйреп, оқиға орнынан қашып кеткен. Қазір тергеу жүріп жатыр.

Преступление Қылмыс задержания ұсталды МВД РК ҚР ІІМ полиция
Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

Оқиға кеше болғанымен, полиция күдіктіні бүгін ғана ұстады. Облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, патрульдік полиция қызметкері Ақтөбе қаласы көшелерінің бірінше «Lexus» маркалы көлікті тоқтатады. Сол кезде 29 жастағы жігіттің ішімдік ішкені анықталып, сараптама орталығына жеткізіледі. 

- Сараптама жүргізушінің ішімдік ішкенін нақтылады. Ер адам сараптамадан өткен соң медициналық мекемеден қашып шығып, көлікке мініп алады. Рульде отырған әйелі бірден қозғалып, күйеуімен бірге оқиға орнынан қашып кетті. Сол кезде көлік капотына жармасқан полиция қызметкерін бірнеше метрге сүйреген. Полиция қызметкері зардап шеккен жоқ. Ерлі-зайыпты бүгін ұсталды,- деп хабарлады Облыстық ПД баспасөз қызметі. 

Еске салсақ, былтыр Ақтөбе қалалық мәслихат депутаты көлікті мас күйінде айдап, әкімшілік жауапқа тартылды

Соңғы жаңалықтар