Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Ақтөбеде ірі құрылыс базарының қоймасы өртенді

АҚТӨБЕ. KAZINFORM – Төтенше жағдайлар қызметі базар маңында жедел штаб құрды. Өрт бір сағаттан астам уақыттан кейін оқшауланды.

к
Фото: видеодан алынған скрин

Ақтөбе қаласының Астана ауданындағы «Жігер» құрылыс базары аумағында қойманың өртеніп жатқаны туралы хабарлама сағат 16:40-та түскен. Арада бір сағаттан астам уақыт өткенде өрт оқшауланды.

ц
Фото: видеодан алынған скрин

- Өртті сөндіруге ТЖД жедел-құтқару жасағының құтқарушылары, Апаттар медицинасы орталығының мамандары, ТЖМ 20982 әскери бөлімінің әскери қызметшілері жұмылдырылды. Сондай-ақ жергілікті атқарушы орган мен полиция қызметкерлері, жедел жәрдем бригадалары барды. Оқиға орнында жедел штаб құрылды. Өрт сөндірушілер жалынның көршілес нысандарға таралуына жол бермей, өртті сөндіру бойынша барлық қажетті шараларды қабылдады. Өрт оқшауланды. Алдын ала мәлімет бойынша, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ,- деп хабарлады Ақтөбе облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

к
Фото: видеодан алынған скрин

Базардағы өртті сөндіруге ғимараттың конструкциясы, металл жабынды қиындық туғызған. Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, дәрігер көмегіне ешкім де жүгінбеген.

Еске салсақ, Алматы облысы Алатау қаласы патрульдік полиция қызметкерлері өрттен адамдарды құтқарып, батылдық пен жанқиярлық танытты.