Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Ақтөбеде рельстен шыққан тепловоз жоғары жылдамдықпен келген

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе қаласында тұйық рельс жолынан тепловоз шығып кетті. Жоғары жылдамдықтен тоқтаған тепловоз ағаштар мен газ құбырын зақымдаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеде рельстен шыққан тепловоз жоғары жылдамдықпен келген

Ақтөбе қаласында тепловоз рельстен шығып кетті. Оқиға орнына жедел жеткен төтенше жағдайлар қызметі 5 қабатты үйдің тұрғындарын түгел эвакуациялады. Қауіпсіздік үшін 30 адам далаға шығарылып, газ беру уақытша тоқтатылды.

«Кеңседе отырған кезде тепловоздың үй жанынан тура өтіп кеткенін хабарлады. 5 қабатты тұрғын үйдің жанында тұйық рельс бар. Бұрын тепловоз тоқтап, бағытын алмастыратын, жөндеу жұмыстарын жүргізуге жіберілетін. Оқиға орнына келіп, рельстің тұйықталған жерінде тепловоз жоқ екенін көрдік. Тепловоз үйдің артқы ауласына кіріп кеткен. Депоға барып, болған жайды хабарладым. Біреуі жөндеу жұмысы екенін айтты, екіншісі біздікі емес деп жауап қайтарды. Сол кезде хабар берілді. Газ құбырын үзіп кеткен екен. Өзім машинист болып жұмыс істедім. Тепловоз жоғары жылдамдықта келген. Егер ағаш пен газ құбыры болмағанда жанында тұрған үйге жететін еді. Бұл жердегі рельстен адамдар өтеді. Кейбірі тепловоздың басып кету қауіпі жоғары болғанын айтады. Тепловоз ішінде машинистің болғанын, болмағанын білмейміз»,- деді «Сержан» ПИК төрағасы Кенжебай Ідірісов.

Оқиға орнына келген төтенше жағдайлар тексеру жұмыстарынан жүргізіп жатыр.
null

«
null
Бүгін сағат 9:00-де төтенше жағдайлар қызметіне шақырту түсті. Тепловоз рельстен шығып кеткен. Тепловоз тұйық жолға келгенімен тоқтамай, өз жылдамдығымен ағашқа соқты. Қазір себебі анықталып жатыр. Зардап шеккендер жоқ. Газ құбыры жеке компанияға тиесілі. Тұрғындардың қауіпсіздігі үшін газ беру уақытша тоқтатылды. ҚТЖ мамандарының айтуынша, тепловоз жөндеуде тұрған. Тепловоз машиниссіз болмайды. Қазіргі уақытта машинисінің кім болғаны тексеріліп жатыр»,- деді  Ақтөбе қалалық төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Евгений Овчарский. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Ақтөбе қаласы Жаманқұлов көшесінде тепловоз рельстен шығып кеткендігі туралы хабарлаған болатынбыз.