Ақтөбеде сәбиін қоқысқа тастап кеткен анаға қатысты қылмыстық іс қозғалды

АҚТӨБЕ. KAZINFORM – Қазір анасын анықтау, іздестіру жұмысы жүріп жатыр. Сонымен бірге қылмыстық іс қозғалды.

Новорожденные младенец нәресте сәби
Фото: Kazinform

Ақтөбеде шақалақты тастап кеткен ананы анықтау жұмысының жүріп жатқанына үш күн болды. Әзірге кімнің тастап кеткені белгісіз.

Осы оқиғадан соң Қылмыстық кодекстің «Қауіпті жағдайда қалдыру» бабы бойынша іс қозғалды. Егер күдікі анықталып, іс сотқа жетсе 100 АЕК дейінгі мөлшерде айыппұл салынады немесе 120 сағатқа дейін қоғамдық жұмысқа тартылады, 45 тәулікке қамалады.

Шақалақтың денсаулығына ауыр немесе ауырлығы орташа зиян келтірсе, 2 мың АЕК мөлшерінде айыппұл салынады немесе 2 жылға бас бостандығынан шектеу, тіпті бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. 

Айта кетейік, шақалақтың денсаулығы қазір тұрақты ауыр. Себебі денесі салқындап қалған. Дәрігерлер туа бітті дерті жоқ сау бала өмірге келгенін айтып отыр.

Еске салсақ, оқиға 23 мамыр күні болғанымен полиция бүгін ғана ақпарат таратты. Сәбиді қоқыс маңында ойнап жүрген адамдар тауып алған.