Ақтөбеде шетелдіктер мінген екі көлік жол апатына ұшырады

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде екі көлік соқтығысып, тәжікстандықтар ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

12 наурызда сағат 02:20-де «Самара-Шымкент» тасжолындағы Қалабай ауылының маңында жол апаты болды. Тәжікстандықтан мінген «Форд-Фокус» автокөлігі мен «Автолайн» соқтығысты. Өзбекстандықтар мінген автобус ішінде 17 жолаушы бар.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан «Форд-Фокус» автокөлігінің жүргізушісі және 3 жолаушы түрлі дене жарақатымен Ырғыз аудандық ауруханасына жеткізілді. Жол апатына байланысты тергеу амалдары жүргізілуде. Ақтөбе облысының Полиция департаменті жол қозғалысы ережелерін сақтауды, метеорологиялық жағдайларды, жылдамдықты ескеруді сұрайды», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.


Соңғы жаңалықтар