Ақтөбеде шетелдік көліктердің сақтандыру полисін заңсыз рәсімдеген әйел ұсталды

АҚТӨБЕ. KAZINFORM – Күдікті мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы алдында қолға түсті. Одан бірнеше заңсыз құжат табылды.

Ақтөбеде шетелдік көліктердің сақтандыру полисін заңсыз рәсімдеген әйел ұсталды
Фото: Ақтөбе облыстық Полиция департаменті

Ақтөбе облыстық Полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы автотұрақта заңсыз кәсіп жүргізген 47 жастағы әйелді ұстады. Күдікті шетелде есепте тұрған автокөлікке сақтандыру полисін рәсімдеген. Ал бұл құжаттың ешқандай заңды күші жоқ.

Ақтөбеде шетелдік көліктердің сақтандыру полисін заңсыз рәсімдеген әйел ұсталды
Фото: Ақтөбе облыстық Полиция департаменті

- Ұсталған әйелдің автокөлігін тексеру кезінде полиция қызметкерлері медициналық анықтамаларды, оқу курстарының куәліктерін, сондай-ақ нотариустың мөрі басылған бланкті тәркіледі. Бәрі де толтырылмаған. Күдікті жүргізуші шағымынан соң ұсталды. Жол-көлік оқиғасына тап болған ақтөбелік сақтандыру компаниясына барады. Олар құжаттың жалған екенін айтқан. Жүргізуші үш ай мерзімге сақтандыру полисін рәсімдеген екен. Жалған құжаттарды жасау және өткізу белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды,- деп хабарлады Ақтөбе облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ақтөбеде шетелдік көліктердің сақтандыру полисін заңсыз рәсімдеген әйел ұсталды
Фото: Ақтөбе облысының Полиция департаменті

Қазір өзге де сыбайлас адамдардың бар-жоғы анықталып жатыр.

Еске салсақ, Шымкентте жүргізуші куәлігін заңсыз беру фактісі бойынша ұзақ уақытқа созылған сот отырысы аяқталды. Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері мемлекеттік қызметті табыс көзіне айналдырып, жүргізуші куәлігін міндетті емтихансыз беріп келген. Олардың саны 500 адамды құрады. 

 

Соңғы жаңалықтар