Ақтөбеде соғыс ардагері үйінде отырып дауыс берді

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Соғыс ардагері Ажар Оразғалиева үйінде отырып, республикалық референдумда өз таңдауын жасады. Ақтөбе облысы бойынша барлығы үш мыңнан астам адам осы жолмен дауыс берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Ақтөбе облыстық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлыбек Жүсіповтің айтуынша, облыста 100-ден асқан 18 адам бар. Олар да өз таңдауын жасады.

Сонымен бірге 6 мыңға жуық жас алғаш рет дауыс бермек.

«Облыс бойынша 3141 адамнан өтініш беріп, учаскелік референдум комиссиялары үйлеріне барды. 517 учаскенің 15-і жабық учаске болып саналады. Олар: әскери бөлімдер мен емдеу орындары, уақытша тергеу изоляторы. Барлық учаскеде байқаушылар бар. Шетелден ешқандай байқаушы келмеді», - деді облыстық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлыбек Жүсіпов.

Дауыс беріп, таңдау жасаған Ажар Оразғалиева екінші дүниежүзілік соғыс ардагері. 98 жастағы қария ұрпақ үшін таңдау жасады.

«Аспанымыз ашық, еліміз тыныш болсын! Ең маңыздысы осы», - деді Ажар Оразғалиева.

Айтып өтейік, соғыс ардагері зенитші болып, Орел, Харьков, Брянск қалаларын азат етуге қатысып, Курск доғасындағы шайқаста болды. Жеңісті Берлинде қарсы алған.


Соңғы жаңалықтар