Ақтөбеде су ортасында қалып, тікұшақ сұраған ауылдың халқын көшіріп жатыр

АҚТӨБЕ. KAZINFORM - Ойыл ауданы Қаратал ауылының тұрғындары эвакуацияланып жатыр. Әзірге 27 адам аудан орталығына жеткізілді.

көшіру
Фото: Ақтөбе облысы әкімдігі

Ойылдың Қаратал (Ш.Берсиев) ауылының тұрғындары аудан орталығындағы эвакуациялық пунктілерге орналастырылып жатыр. 

көшіру
Фото: Ақтөбе облысы әкімдігі

Ойыл ауылындағы спорт мектебі, аграрлық колледж және 38 үй эвакуациялық пункт ретінде ұйымдастырылған.

эвакуация
Фото: Ақтөбе облысы әкімдігі

Бұл орындарға осы ауыл тұрғындары көшіріледі. Төсек-орын, гигиеналық заттар, тамақтандыру жағы қарастырылған. 

«Сондай-ақ, дәрігерлік көмек қажет болса аудандық аурухананың барлық қызметкерлері әзір. Медициналық құрал-жабдықтары мен дәрі-дәрмектер бар. Ақтөбе облыстық балалар ауруханасының реаниматолог, хирург, педиатрларымен бірге, № 2 Ақтөбе қалалық емхананың бас психологы да эвакуациялық пунктке барды, — деп хабарлады Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі.

тасқын
Фото: Ақтөбе облысы әкімдігі

Айта кетейік, кеше кешкілік тұрғындар жарығы, жылуы, суы жоқ мектеп қалғанын хабарлап, көмек сұрады.

көшіру
Фото: Ақтөбе облысы әкімдігі

Кейін үш тікұшақ жіберу жөнінде шешім қабылданды.  

тасқын
Фото: Ақтөбе облысы әкімдігі

 

 

Соңғы жаңалықтар