18:13, 09 Маусым 2025 | GMT +5
Ақтөбеде суға кеткен оқушының денесі төрт тәуліктен соң табылды
АҚТӨБЕ. KAZINFORМ – 16 жастағы бозбаланың денесі ауылдан шамамен бір шақырым қашықтықтан анықталды.

Ақтөбе облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, жасөспірімнің денесін құтқарушылары тауып, алып шықты.
— Алдын ала мәлімет бойынша, бала суға құлап, Торғай өзенінің жанындағы су басқан аумақта батып кеткен. Іздестіру-құтқару жұмыстары бірнеше күнге созылды. Іздеу жұмыстарына ТЖД, полиция, жергілікті атқарушы орган қызметкерлерінен құралған 42 адам тартылды, — деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.
Еске салсақ, Ырғыз ауданы Мамыр ауылында 16 жастағы оқушыны іздеу жұмысы шамамен 4 тәулікке созылды. Суға батып кеткен бозбаланы іздеуге қосымша күш жұмылдырылды.