Ақтөбеде табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы тағайындалды
АҚТӨБЕ. KAZINROFM – Ақтөбе облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысы қызметіне Исатай Еспағанбетов тағайындалды.

Ақтөбе облысында тағы да кадрлық-ауыс түйіс болды. Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасында Исатай Еспағанбетов келді.
Ол жоғары білімді. 2004 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін, 2025 жылы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын 2006 жылы Мәртөк аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің жетекші маманы болып бастаған.
— 2008-2010 жылдары аралығында Мәртөк аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы, 2010-2021 жылдары аралығында Мәртөк ауданы Байторысай ауылдық округінің әкімі, Мәртөк аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы, Мәртөк ауылдық округі әкімі, Мәртөк ауданы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған. 2021-2023 жылдары аралығында Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы болып қызмет етті, - деп хабарлады Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Еске салсақ, бұған дейін Ақтөбе облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы қызметіне Мейрамбек Махамбетов тағайындалды. Ол бұл қызметке екінші рет келіп тұр.