Ақтөбеде тағы да көлікке техникалық қызмет көрсету орталығы өртенді
АҚТӨБЕ. KAZINFORM – Ақтөбе қаласындағы тағы да көлікке техникалық қызмет көрсету орталығы өртенді. Оның ішінде екі көлік жанып кетті.

Ақтөбе облыстық ТЖД-нің хабарлауынша, хабарлама сағат 18:15-те түсті. Тілсіз жау арада 30 минут өткенде сөндірілді. Өрт сөндірушілер жалын ішінен оттегі баллонын алып шыққан.
- Оқиға орнына 45 қызметкер мен 9 техника жетті. Екі қабатты ғимараттың бірінші қабатындағы техникалық қызмет көрсету орталығы жанды. Ауданы – 100 шаршы метр. Өрт кезінде 2 көлік өртеніп кетті, - деді Ақтөбе қаласы ТЖБ инженері Әли Купенов.
Әзірге өрт кезіндегі қатты дыбыстың неден шыққаны белгісіз. Қазіргі кезде оттың неден тұтанғаны анықталып жатыр.
Еске салсақ, кеше ғана Ақтөбе қаласындағы автобазарда орналасқан көлікке техникалық қызмет көрсету стансасы өртенді. Ішінде екі көлік жанып кетті.