Ақтөбеде Toyota Alphard жүк көлігімен соқтығысып, төрт адам мерт болды
АҚТӨБЕ. KAZINFORM - Оқиға Әйтеке би ауданының Белқопа ауылы маңында болды.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ хабарлауынша, оқиға 15 тамыз күні сағат 14:00 шамасында болды. Әйтеке би ауданы Белқопа ауылы маңында жеңіл көлік пен жүк көлігі соқтығысты.

-Алдын ала мәліметтер бойынша Toyota Alphard маркалы минивэн мен Volvo маркалы жүк көлігі соқтығысқан. Оқиға салдарынан төрт адам қаза тауып, тағы үш адам әртүрлі дене жарақаттарын алды. Оқиға болған жерді қарау барысында жол жамылғысының асфальтбетон әрі тегіс екені анықталды. Аталған учаскеде шұңқырларды жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жұмыс жүргізу ережесіне сәйкес тиісті жол белгілері орнатылған, сондай-ақ жылдамдықты сағатына 40 шақырымға дейін шектеу енгізілген,- деп хабарлады «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ.

Еске салсақ, Ақтөбеде бір күн ішінде жол ережесін 12 рет бұзған жүргізуші ұсталды. Ресейлік такси жүргізушісі 11 айда жол ережесін 250 рет бұзып, 7,7 млн теңге теңге айыппұл арқалаған.