Ақтөбеде үй өртеніп, бір адам қаза тапты
АҚТӨБЕ. KAZINFORM — Оқиға Қобда ауданы орталығындағы Щербаков көшесінде болды. Әзірге өрттің неден тұтанғаны белгісіз.
Ақтөбе облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт кеше болды. Қобда ауылындағы Щербаков көшесінде орналасқан тұрғын үйдің бөлмесі мен шатыры өртенді. Өрттің ауданы — 96 шаршы метр. Өрт кезінде 1995 жылы туған әйелдің денесі табылды.
— Өрт толықтай сөндірілді. Оқиға орнына Ақтөбе облысының ТЖД қызметкерлері, сондай-ақ жедел медициналық жәрдем бригадасы және полиция жұмылдырылды. Өрттің шығу себептері мен мән-жайы анықталып жатыр, — деді Ақтөбе облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Өткен аптада Астанада салынып жатқан 12 қабатты үйден өрт шықты. Бірінші қабаттан жетінші қабатқа дейін жылу оқшаулағыш материалдың ашық жанып жатқаны байқалды.