Ақтөбеде жарылғыш зат туралы жалған хабар берген жасөспірім ұсталды

АҚТӨБЕ. KAZINFORM - Көпқабатты үй тұрғындарын екі күн, мектепті бір күн бойы үрейде ұстаған күдікті 8-сынып оқушысы болып шақты. Қазір тергеу жалғасып жатыр.

Ақтөбеде өрт сөндірушілер екі күн қатарынан жалған хабарлама алды
Фото: Әлеуметтік желі

Ақтөбе полициясы «жарылғыш зат қойылды» деп жалған хабар берген күдіктіні анықтады. 

- Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде полицейлер 8-сынып оқушысын анықтап, ұстады. Ол 22-қазанда «1414» бірыңғай байланыс орталығына орта мектептердің біріне және көпқабатты тұрғын үйге жарылғыш зат қойылғаны туралы анонимді хабарлама түсірген. Полиция жасағы, қызметтік иттері бар кинологтар және саперлер қарап, тексерді. Оқу орны мен тұрғын үйді мұқият тексеру барысында күдік тудыратын қандай да бір зат табылған жоқ.

Қылмыстық кодекстің 273-бабы, яғни, «Терроризм актісі туралыкөрінеу жалған хабарлау» бойынша қылмыстық жауапкершілік қарастырылған,- деді облыстық ПД баспасөз қызметі.

Еске салсақ, Ақтөбеде өрт сөндірушілер екі күн қатарынан жалған хабарлама алды. Оқиға орнына 20-дан астам қызметкер мен бірнеше техника қатар барды.

Соңғы жаңалықтар