Ақтөбеде жел күшейіп, бірнеше жол жабылды

АҚТӨБЕ. KAZINFORM - Ақтөбеде жел күшейіп, Самара-Шымкент, Ақтөбе-Атырау бағытындағы бірнеше жолда шектеу енгізілді.

Ақтөбеде жел күшейіп, бірнеше жол жабылды
Фото: Мухтор Холдорбеков/ Kazinform

Самара-Шымкент тасжолының Қарабұтақ-Ырғыз аралығында жел күшейіп, жүк және қоғамдық көлікке шектеу қойылды. Сонымен бірге Ақтөбе-Атырау тасжолының Қарауылкелді ауылынан Атырау облысына дейінгі аралықта барлық көлікке шектеу енгізілді. Жел күшейіп, жолдағы көрініс қиындады.

«Қазгидрометтің деректеріне сәйкес 7 ақпанында Ақтөбе облысының аумағында қар жауып, боран болады. Желдің жылдамдығы 30 м/с жетеді. Осыған байланысты Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаменті қауіпсіздік шараларын сақтауды, ғимараттар мен құрылыстардан, биік тіректерден, ағаштардан, бильбордтардан, тіректерден және электр сымдарынан аулақ болуды, сондай-ақ елді мекендерден тыс жерлерге шықпауды сұрайды», - деп хабарлады Ақтөбе облысы ТЖД ТЖ алдын алу бөлімінің бас маманы Әлішер Сарыбаев.

Соңғы жаңалықтар