Ақтөбеде жоғалған ерекше баланы 500-ге жуық адам іздеп жатыр

Ақтөбеде ерекше бала жоғалды
Фото: Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі

АҚТӨБЕ. KAZINFORM – Ақтөбе қаласында кешеден бері 13 жастағы Кәрім Жетіру іздестіріліп жатыр. Ерекше күтімді қажет ететін жасөспірімді судан да, орман мен далалы жерден да іздеуге 500-ге жуық адам жұмылдырылды. 

Кәрім Жетіру кеше сағат 17:00 шамасында әжесінің үйінен кеткен. Оның ауладан шығып, белгісіз бағытқа қарай бет алғаны көрші үйдің бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Полиция мен еріктілер содан бері іздеу жұмысын тоқтатқан жоқ. 

Кәрім Жетіруді іздестіру жұмысы жалғасып жатыр. Баланы іздеуге 500-ге жуық адам тартылды. Оның ішінде полиция, төтенше жағдайлар қызметкерлері бар. Еріктілер мен қызметтік иттер де жұмылдырылды.

– Барлығы 40 техниканы іздеу жұмысына қосып отырмыз. Атап айтқанда 3 квадроцикл, 2 қайық, 4 атты полиция, дрондар да бар. Полицияға хабар түскен сәттен бастап үй аулалары, шатырлар, кәріз шұңқырлары, орман және далалық тексеріліп жатыр. Қоғамдық тамақтану орындары мен дүкендер, сауда орындары тексерілуде, - деді Ақтөбе қалалық полиция басқармасының бастығы Әсет Қалиев. 

Ақтөбе
Фото: Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі

Оның айтуынша, бала тұратын аумақ картадан белгіленіп, полиция ол жерлерді толық шолып шықты. Іздеу жұмысы ары қарай жалғаса береді. 

Соңғы жаңалықтар