Ақтөбеде жол-көлік апатынан төрт адам мерт болды

АҚТӨБЕ. KAZINFORM — Оқиға Ақтөбе-Орск тасжолында болды. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды.

Ақтөбеде жол-көлік апатынан төрт адам мерт болды
Фото: Ақтөбе облысы ПД

Қарғалы ауданы Қосестек ауылында жеңіл және жүк көлігі соқтығысты. Полиция оқиға орнына барып, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Ақтөбеде жол-көлік апатынан төрт адам мерт болды
Фото: Ақтөбе облысы ПД

— Алдын ала мәліметтерге сәйкес, Opel маркалы жеңіл автокөліктің жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып, DAF маркалы жүк көлігімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жеңіл автокөліктің жүргізушісі мен үш жолаушысы оқиға орнында көз жұмды, — деді Ақтөбе облыстық ПД бастығының орынбасары Ардана Саймағамбетов.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Ақтөбе-Атырау тасжолында бір мезетте 10 көлік соқтығысып, 3 адам жеңіл жарақаттанды.

Соңғы жаңалықтар