Ақтөбеде жолаушылар пойызының бастығын пышақтап кетті

АҚТӨБЕ. KAZINFORM — Жолаушылар пойызының Ақтөбе учаскесіндегі бастығын қаланың ескі бөлігінде өлтіріп кетті. Полиция қылмыстық іс қозғады.

Ақтөбеде жолаушылар пойызының бастығын пышақтап кетті
Фото: Астана қаласының әкімдігі

Оқиға Ақтөбе қаласындағы Кереев көшесінде болды. Марқұм сол күні демалыста жүрген. 

— Полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады. Адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, жан-жақты және толық тергеу жүргізу мақсатында қажетті тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді, — деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Еске салсақ, Ақтөбеде бір бассейнде екі адам көз жұмды. Полиция екі түрлі уақытта болған оқиға бойынша да Қылмыстық кодекстің «Қауiпсiздiк талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету» бабы бойынша іс қозғады. 

Соңғы жаңалықтар