Ақтөбеде жүк көлігі мен автобус соқтығысып, жүргізуші мерт болды

АҚТӨБЕ. KAZINFORM – Ақтөбенің Әйтеке би ауданы Көрпе ауылы маңында жол-көлік апаты болды. Автобустың жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды.

Ақтөбеде жүк көлігі мен автобус соқтығысты
Фото: Ақтөбе облысының полиция департаменті

Жол-көлік апаты бүгін Самара–Шымкент тасжолының Әйтеке би ауданы Көрпе ауылының маңында болды. Жүк көлігі мен жолаушылар мінген автобус соқтығысты. Ақтөбе облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, автобус жүк көлігінің тіркемесіне жанасып, соқтығысты. Автобуста барлығы 6 жолаушы болған.

Ақтөбеде жүк көлігі мен автобус соқтығысты
Фото: Ақтөбе облыстық полиция департаменті

 

- Автобус жүргізушісі қарама-қарсы келе жатқан жүк көлігімен арадағы қашықтықты сақтамаған. Салдарынан жүк көлігі тіркемесінің бір бүйіріне соқтығысады. Автобус жолдан шығып кетіп, жүргізуші көз жұмды. Жолаушыларда қандай да бір жарақат жоқ,- деп хабарлады Әйтеке би аудандық полиция бөлімі.

Айта кетейік, Ақтөбеде жол-көлік апатында анасы мен баласы көз жұмды. Әкесі мен 10 айлық баласы ауруханаға түсті.

Соңғы жаңалықтар