Ақтөбеде жүк көлігі мен пойыз тепловозы соқтығысты

АҚТӨБЕ. KAZINFORM — Оқиға Қарабұтақ — Қостанай тасжолы аумағында болды. Теміржол өткеніндегі жол-көлік оқиғасынан соң жүргізуші ауруханаға жеткізілді. 

Ақтөбеде жүк көлігі мен пойыз тепловозы соқтығысты
Фото: видеодан алынғын скрин

Қазіргі кезде Қарабұтақ — Қостанай жолында қозғалысқа уақытша шектеу енгізілді. 

— Теміржол өткелінде жүк автокөлігі мен жүк пойызының тепловозы соқтығысып, жүргізушісі жеңіл дене жарақатын алды. Ол аудандық ауруханаға жеткізілді. Өзге зардап шеккендер жоқ. Оқиғаға байланысты аталған жол учаскесінде көлік қозғалысы уақытша шектелді. Қазіргі уақытта құзырлы қызметтер жолдың жүру бөлігін босатып, көлік қозғалысын қалпына келтіру үшін қажетті шараларды қабылдап жатыр. Полиция жүргізушілерге теміржол өткелдерінде бағдаршам сигналдары мен шлагбаум талаптарын қатаң сақтауды ескертеді, — деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Еске салсақ, шілде айында мұндай оқиға Алматыда да болды. КамАЗ жүк көлігінің жүргізушісі маневр жасау кезінде теміржол өткеліне шығып, тоғыз вагоннан тұратын пойызбен соқтығысқан