Ақтөбеде жүк көлігі мен жеңіл авто соқтығысып, екі адам көз жұмды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде өндірістік аймақта болған жол-көлік оқиғасынан екі адам көз жұмды және екі адам – жүргізуші мен жолаушы ауруханада жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға Ақтөбе облысы Жаңажол кенті мен Мұғалжар ауданындағы «Северная трува» кен орны арасында болды. Облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, «УАЗ» автокөлігінің 25 жастағы жүргізушісі өндірістік аумақта қозғалыстың қарсы жолағына шығып кетіп, «Shacman» автокөлігімен соқтығысқан.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан «УАЗ» автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушы Кеңқияқ кентінің ауруханасына жатқызылды. Ал, осы автокөліктің екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің «Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Ақтөбе облысының Полиция департаменті жол апатының ең көп таралған себептерінің бірі – жол қозғалысы ережелерін сақтамау екенін еске салады.

«Жүргізушілерді жолдарда өте мұқият және сақ болуға шақырамыз», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Айта кетейік, бұған дейін де Ақтөбеде жеңіл және жүк көлігі соқтығысты. Салдарынан ерлі-зайыпты мен отбасының үш баласы ауруханаға түсті. Оқиға Самара-Шымкент тасжолының Ырғыз ауданы, Құмтоғай ауылы маңында болды. «Мersedes AMG» автокөлігінің 55 жастағы жүргізушісі қарсы қозғалысқа арналған жолаққа шығып, «DAF» жүк көлігімен соқтығысқан. «Салдарынан «Мersedes AMG» автокөлігінің жүргізушісі, әйелі мен кәмелетке толмаған үш баласы (2020, 2014, 2012 жылы туған) түрлі жарақатпен медициналық мекемеге жатқызылды.


Соңғы жаңалықтар
telegram