Ақтөбедегі өрт кезінде 21 саяжай үйі өртенді

АҚТӨБЕ. KAZINFORM — Өртенген сайжай үйлерінің жетеуі маусым сайын қолданылса, 14-і бос тұрған. 

Ақтөбедегі өрт кезінде 21 саяжай үйі өртенді
Фото: Ақтөбе облыстық ТЖД баспасөз қызметі

Ақтөбе облысы Алға қаласының әкімі Жандарбек Бақытжанұлының айтуынша, барлығы 23 бау-бақша ұжымы бар. Оның 14-і ғана жұмыс істеп тұр, қалғаны қараусыз қалған.

өрт
Фото: Ақтөбе облыстық ТЖД баспасөз қызметі

— Барлығы 21 саяжай үйі өртенді. Оның 14-ін қазіргі кезде қолданылмай бос тұрған. Құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында өрттің одан әрі таралуына жол берілмеді, 34 саяжай үйі сақталды. Өртті сөндіруге ТЖМ, «Ауыл құтқарушылары» өрт сөндіру бекетінің, жергілікті атқарушы органдардың, полиция департаментінің және жедел медициналық жәрдем қызметінің шамамен 85 қызметкері мен 20-дан астам техникасы жұмылдырылды. Өрт толығымен сөндірілді, — деп хабарлады Ақтөбе облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

өрт
Фото: Ақтөбе облыстық ТЖД баспасөз қызметі

Еске салсақ, бүгін Алға қаласында құрғақ шөп жанып, өрт саяжай аумағына жайылды. Мұндағы үйлердің көбі қолданылмай бос тұрған.