Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Ақтөбедегі жол апаты кезінде үш кенші қаза тапты

АҚТӨБЕ. KAZINFORM — Оқиға Самара — Шымкент тасжолының Хромтау қаласы маңында тіркелді. Жол апатында жүргізуші мен екі жолаушы қаза тапты.

Ақтөбедегі жол апаты кезінде үш кенші қаза тапты
Фото: әлеуметтік желі

Оқиға кеше кешкі уақытта болды. Қаза тапқандар — кеншілер, Дөң кен-байыту комбинатының жұмысшылары. Олар өз жеке көлігімен жүрген.

— Хромтау қаласы маңында Audi және ГАЗель автокөліктерінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан Audi автокөлігінің жүргізушісі мен бір жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Тағы бір жолаушы медициналық мекемеге жеткізу кезінде қайтыс болды. Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасының барлық мән-жайы мен себептері анықталып, аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, — деп хабарлады Ақтөбе облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі.

Еске салайық, бірер күн бұрын Самара — Шымкент тасжолының Әйтеке би ауданы аумағында жол-көлік апаты болды. Жүк және жеңіл көлік соқтығысып, жүргізуші мен кәмелет жасқа толмаған бала көз жұмды.